Previous Page  301 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 301 / 520 Next Page
Page Background

301

Ораза

Рушд былай дейді: «Егер кімде-кім еркі мен нәпсісіне

ие болса, онда ол өзін әлемнің ең бақытты адамымын

деп санасын».

Бірақ ораза, аузы берік жанды тақуалық-тауына

қалай жеткізеді? Жалпы адам баласының толық адам

шыңына жетуі мен көркем мінезді болуының негізі –

нәпсіге ие болуында жатыр. Нәпсі – бойдағы құмарлық

сезім. Ол өзіне ұнамды келетін барлық нәрсеге қол

сұққысы, татқысы келеді. Оның өлшемінде шек жоқ.

Бүгінін, тіпті бір сәттік ләззатын ертеңі мен мәңгілік

бақытына айырбастап яки сатып жіберуге қашан да

құмбыл тұрады. Асылында, ол үшін ертең жоқ. Міне,

осы кезде ақыл рөл ойнай бастайды. Ақыл – жақсы мен

жамандықты айыра білетін адамның негізгі құралы. Бірақ

сол ақылдың да өлшемі шектеулі. Оның бүгінгі жақсы

дегені ертең жаман, жаман дегені жақсы болуы әбден

ықтимал. Міне, осы кезде ақылға бүгіні мен ертеңінде

жаңылыспайтын өлшем қажет. Бұл – илаһи өлшем. Егер

адам баласы нәпсісіне ие бола алмаса, нәпсі адамның

еркін қалаған жағына бағыттай алады. Кей кезде илаһи

өлшемді білген ақылды тұтқындап тастап, еріксіз өзіне

мойынсұндырып, тыйым салған нәрсеге қол сұқтырады.

Сондықтан ақыл жүрекпен бірігіп, Аллаһ Тағаланың

бұйрығын орындап ауыз бекітеді. Нәпсінің барлық

күш-қуаты осы ауыз арқылы өтеді. Нәпсі қаншама

ақыл мен ерікті ауыз ашуға қинаса да, ол екеуі Ұлы

Жаратушының бұйрығынан аса алмайды. Ашыққан

нәпсінің құмарлық сезімі әлсіреп, деңгейі төмендеп

кетеді. Осы сәтте адам бойына рухани қарқын жүре бас-

тайды да, жүректің түпкірінде, нәпсінің қалтарысында

қалған ар-ождан күллі адамгершілік сезімдерді оятып,