Previous Page  304 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 304 / 520 Next Page
Page Background

304

Ислам ғылымхалы

жануарға да сүйспеншілікпен қарай бастайды. Рамазан

айының – рақым айы болуының сыры да осында жатыр.

Адам мен адамның, адам мен әлемнің арасында достық,

махаббат байланысы құрылады. Міне, адамның бойында

мейірім-шапағат туып, оны айналасына нұрлы шашу

етуі – Ұлы Жаратушыға арнаған нағыз шүкірі.

4. Ораза ырыс-берекенің қадірін білдіреді

Негізі адам баласы өзіне берілген нығмет пен

ырыс-берекенің қадірін біле бермейді. Сый-сияпат

етіп берілген ырыс-берекені бейне бір тегін дүниедей

төгіп-шашады. Әр түрлі тәтті тағамдарды да бейпіл жей

берген соң, ауыздан дәмі кетіп, бал бал болудан қалады.

Мұндай күйге түскен кісі ешуақытта тамақтың қадірін

сезе алмайды. Ал адам баласы ауыз бекітіп, күні бойы

аш жүргенде, тағамның Ұлы Жаратушының құлына

жайған дастарқанындағы үлкен ырыс-берекесі екенін

аңғарады. Ол күні бойы аш қалып, кешқұрым ауыз

ашқанда, аузына салған қатқан нанның да қаншалықты

қадірлі екендігін сезеді. Атам қазақ «Аштықта ішкен

ашыған қымыранның дәмі қырық жыл ауыздан кетпес»

деуінің сыры осында жатыр. Тоқ адамның дәл солай сезуі

әсте мүмкін емес. Мұндай қоғамның экономикасы да

оңайлықпен құлдырамайды. Аштықты көп көргендіктен

атам қазақтың нанды қатты қадірлейтіндіктері де содан.

Иә, аштықты сезбеген, мастықтан айыға алмас.

5. Ораза сабырлылық пен төзімділікке

үйретеді

Адам баласы өмірге жылап келіп, жылап кетеді.

Неге? Өйткені, өткінші фәниде діттеген мақсатына қолы

жете бермейді. Кейде жылдар бойы өз мақсатына қарай