309
Ораза
айда ораза ұстамайтын. Ол Шағбан айының бәрін ораз-
амен өткізетін»
320
.
Мәкрүһ оразалар
Мәкрүһ оразалар «тахриман» және «тәнзиһан»
мәкрүһ болып екіге бөлінеді.
1. Тахриман мәкрүһ ораза. Рамазан айтының бірінші
күні мен құрбан айтының төрт күнінде ұсталған оразалар
тахриман мәкрүһ. Өйткені, ол күндер – Аллаһтың бізге
ұсынған сый-сыяпатты, қуанышты күндері. Бұл күндері
ораза ұстаған адам күнәкар болумен қатар оразасы жа-
рамды. Мұндай ораза бұзылса, қазасы өтелмейді.
2. Тәнзиһанмәкрүһ. Тек қана ашура күні ораза ұстау,
жұма күні ғана ораза ұстау және сенбі күні ғана ораза
ұстау, наурыз күндерінде ораза ұстау – тәнзиһан мәкрүһ.
Бірақ әдет етіп, ұстап жүрген оразасы сол күнге сәйкес
келсе, ештеңе етпейді. Жұма күні жайлы Пайғамбарымыз
(с.а.у.) былай дейді: «Түндер арасында тек қана жұма
түнін ғибадатқа бөлмеңдер. Бірақ кімде-кім әдет етіп
ұстап жүрген оразасы сол күнге сәйкес келсе, бұдан тыс
нәрсе
321
. Екі күн қатарынан ауыз ашпай ораза ұстау да
мәкрүһ. Бұл – уисал оразасы. Пайғамбарымыз (с.а.у.)
үмбетіне жаны ашығаны үшін бұлайша ораза ұстауға
тыйым салған. «Сен осылай ораза ұстайсың ғой» деп,
сұрағандарға Ол: «Мен сендер секілді емеспін. Мені
Раббым ішіп-жегізеді», – дейді
322
. Күмәнді күні де ораза
ұстау – мәкрүһ. Яғни, Шағбан айының отызыншы күнін
Рамазан күні ме, әлде Шағбан айы ма деп аспан бұлт
320
Муслим, Салат, 176.
321
әш-Шәукани,ІV, 249.
322
Бухари, Саум,49.