Previous Page  308 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 308 / 520 Next Page
Page Background

308

Ислам ғылымхалы

Арафа күнінде ораза ұстау

Қажылықта болмаған адамның Зилхижжаның

тоғызыншы күнінде ораза ұстауы – мұстахап.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Арафа күні

ұсталған оразаның бұрынғыжәне келешектегі біржылдық

күнәлардан арылтатыны Аллаһтан үміт етілген

318

.

Мухаррам айының тоғызыншы, оныншы

(ашура) және он бірінші күндері ораза

ұстау мұстахап немесе сүннет

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мәдинаға келген кезде

яһудилердің (еврей) ашура күні ораза ұстағанын

көріп, «Бұл қандай ораза?», – деп сұрады. Оған: «Бұл

– ұлы күн. Аллаһ бұл күні Мұса мен Исрайл ұрпағын

дұшпандардан құтқарған. Сондықтан осы күні Мұса (а.с.)

ораза ұстайтын» – деп жауап қайтарды. Пайғамбарымыз

(с.а.у.) сонда: «Мен Мұсаға сендерге қарағанда әлдеқайда

жақынмын», – деді де, осы күні ораза ұстауды әмір

етті

319

.

Харам айларда ораза ұстау

Зилқағда, Зилхижжа, Мухаррам және Рәжап

айларының бейсенбі, жұма, сенбі күндері ораза ұстау

– мәндүп.

Шағбан айында ораза ұстау

Хазіреті Айша былай дейді: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.)

Шағбан айында ұстағандай Рамазаннан басқа ешқандай

318

Ахмед ибн Ханбәл, V, 196.

319

Бухари, Саум, 69.