Previous Page  300 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 300 / 520 Next Page
Page Background

300

Ислам ғылымхалы

Бұл аятта айтылғандай оразаның мақсаты–

мұсылманды тазартып, тақуалық дәрежеге жеткізу. Бірақ

тақуалық деген не өзі? Осыны әуелі ұғынып, тұшынып

алайық. Тақуа дегеніміз – сақтану, қорқу, сыйыну,

Ұлы Жаратушының қорғанына кіру. Тақуалықтың үш

дәрежесі бар:

Мәңгілік өлімнен сақтану. Яғни, өзін жаратқан

Аллаһ Тағалаға сену, иман ету. Ұлы Жаратушыға иман

етпеген адамның басына бақ, қолына құс қонғанмен

қашан да жан-сарайы қараңғы болмақ. Өйткені, ертеңгі

күн өлімге басы тігілгелі тұрған жанның бүгінгі татқан

балы да у болып келеді. Ендеше, бүгіні жоқтың ертеңі

де жоқ. Алайда, тілін кәлимаға келтіріп, Аллаһ Тағалаға

иман етіп, мойынсұнған жан мәңгілік жаһаннам отынан

құтылып, мәңгілік бақыттылық сарайы жәннатқа қарай

қадам басады. Яғни, иман еткен өзін мәңгілік өлімге

деген соқыр-сенім мен күпірліктен сақтайды.

Ұлы Жаратушыға қарсы келуден сақтану. Аллаһ

Тағаланың көптеген бұйрықтары бар. Осы әмірлерді

орындау – парыз. ЖәнеОның көптеген тыйымдарыда бар.

Олардан алыс тұру – парыз. Оның тыйым салғандарына

қол жүгірту – Оған қарсы келу деген сөз.

Тікелей Аллаһ Тағаланың қорғанына кіріп, Одан

өзгені жүрекке алмау.

Ендеше, тақуалық – иманды, көркем мінезді, пара-

сатты жан болып, Аллаһ Тағалаға мойынсұнып, «толық

адам» шыңына қарай «нұрлы ақылды» шырақ, «жылы

жүректі» пырақ етіп, ыждаһаттылықпен қадам басып

қайраттану. Демек, оразаның мақсаты – жанды рухани

кірден тазартып, көркем мінезге тәрбиелеу, нәпсіге

ауыздық салып, тізгінді қолға алу. Аса ойшыл Ибн