Previous Page  298 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 298 / 520 Next Page
Page Background

298

Ислам ғылымхалы

көрсетеді... Көңілдері алабұртып, алып ұшқан әркім өз

дәрежесіне қарай айттың көрсеткен жолдарымен ұшуға

даяр құстай бола қалады. Тылсым сырдың есігі ашыла

кеткендей қанаттарын тағатсыз қағады. Ақырында ұша

жөнеліп, жеткен яки жететін шыңдардың асқақтығын

көріп, тамашалап, тұла бойы нұрға малынады да, осы

дүние күнін бейне бір жәннат заманына айналдырады.

Иә, олар ғажайып күйге еніп, әрбір заттан Хаққа тиіс

әсемдік пен сұлулықты көріп, тамашалап, ақпай тоқтап

қалған заманның тілімен ең әдеби хұтпа-жырлар оқиды.

Оған барлық мекендерден, айттың нұрымен боялған саф,

ғажайып сиқырлы әуен қосылады. Егер айттың жазған

осы бір әуені мен айт әлеміндегі адамдардың жүрек-

сарайынан төгілген жырларын қағазға төгу мүмкін болса,

ең ғажап әуен мен аса мағыналы өлең де мұның жанында

күзде төгілген сап-сары жапырақтай болып қалар еді

деп ойлаймын.

Кейде айттың келуімен, көкірек көзі ояу жандар-

ды Ұлы Жаратушы жақтан ескен «илаһи самал» баурап

алады. Сол сәтте олар жай адамдардың тамаша еткен

әлемінің арғы жағын көргендей ғажайып күйге еніп,

бейне бір екі әлемнің ортасында тұрғандай сезінеді.

Тақуалықтан жүректері діріл қағып, өздерін «үміт пен

үрей» аясынан табады. Кейде адам айтта барлық нәрсені

болмысынан басқаша сезініп, өзгеше бағалайды. Тіпті

ол өзін баураған кейбір сезім иірімдері арқылы көктер

мен жерді бір-бірімен бірігіп кеткендей көріп, жерден

ұзап, көкке ұшып, періштелердің арасына кіріп, олардың

әлемінде жүргендей сезініп, ашылып, кеңейіп «мекенсіз»

күй кешеді. Сонда ол өзін бейне бір түпсіз тереңдікке

бойлап, шексіздікке жеткендей сезінеді.