327
Ораза
«Аузы берік адам ұмытып ішіп-жесе, оразасын бұзбай
толықтырсын. Өйткені, оған жегізген де, ішкізгенде –
Аллаһ»
343
. Басқа бір хадисте: «Рамазанда ұмытып ора-
засын бұзған адамға қаза да, кәффарат та керек емес»
344
– делінген. Ұмытқан адам есіне түскен кезде дереу
тоқтатуы керек.
2. Бір адам таңертең жүніп болып тұрса және
кешке дейін де осылай жүніп күйінде жүрсе, оразасы
бұзылмайды. Бірақ, әлбетте, намаз оқу үшін ғұсыл алу
парыз. Аллаһ Құранда: «Егер жүніп болсаңдар, толық
тазаланыңдар»
345
, – дейді.
3. Қан алдыру немесе сүлік салдыру оразаны
бұзбайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) қажылықта аузы берік
кезінде қан алдырған
346
.
4. Құлаққа су кіру, бұлық ағу оразаны бұзбайды.
5. Көзге, құлаққа дәрі тамызу немесе көзге сүрме
жағу оразаны бұзбайды.
6. Мисуак оразаны бұзбайды. Өйткені, мисуак
қолдану – сүннет. Тіпті тіс пастасын қолдану да оразаны
бұзбайды. Бірақ ішке кетіп қалса бұзылады. Ең абзалы
таң намазы кірмей тұрып жуу.
7. Тіс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды. Бірақ
жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәріні жұтпау
шарт.
8. Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны
бұзбайды. Бірақ тамаққа кетпеуін қадағалау қажет.
343
Муслим, Сиям, 171.
344
Ибн Мажә, Сиям, 15.
345
Маида, 5/6.
346
Бухари, Тыбб, 11.