Previous Page  330 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 330 / 520 Next Page
Page Background

330

былай делінеді: «Бастаған ізгі істеріңді бұзбаңдар»

351

.

Пайғамбарымыз былай дейді: «Кімде-кім Рамазан-

да оразасын бұзса, оған зиһар жасаған адамға тиісті

(кәффарат) жүктеледі». Бірақ Рамазан оразасынан тыс

оразаларға тек қана қаза керек.

2. Қателесіп мұсылманды өлтірудің

кәффараты

Қателесіп бір мұсылманды өлтірген адамға «диәт»

(құн) өтеу – уәжіп. Мұнымен қоса оған кәффарат өтеуі

тиіс. Ол – бір құлды азат ету, оған шамасы жетпесе,

екі ай бойы үзбей ораза ұстау. Құранда «Мұсылманға

мұсылманды өлтіру – жараспайтын іс-әрекет. Бірақ

қателесіп өлтірсе, бір мұсылман құлды азат етуі әрі өлген

адамның иесіне құнын төлеуі тиіс»

352

делінеді.

3. Зиһар кәффараты

Зиһар – Исламнан бұрынғы дәуірде араб әлемінде

әйелдерді талақ етудің бір жолы болатын. Күйеуі

әйелін талақ еткісі келсе оған: «Сен маған анамның

арқасы секілдісің» немесе «Сен маған анамдайсың»

дейтін. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) заманында да

бір сахаба әйеліне ашумен осылай айтады. Кейіннен

Пайғамбарымызға (с.а.у.) мән-жайды түсіндіріп, өзінің

кәрі әрі бала-шағасына қарайтын шамасы жоқ екенін

баян етеді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) сол кезде бұл істің

үкімін сұрап, Аллаһқа дұға еткенде, мына аят түседі:

«Расында, Аллаһ ері жайында Аллаһқа шағым айтып,

сенімен таласқан әйелдің сөзін естіді. Аллаһ екеуінің

сөйлескендерін де естиді. Аллаһ – толық естуші және

351

Мұхаммед, 47/33.

352

Ниса, 4/92