Previous Page  334 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 334 / 520 Next Page
Page Background

334

Ислам ғылымхалы

Атау (нәзір)

Атау, нәзір – Аллаһқа ғибадат мақсатымен өзіне

тікелей міндет жүктелмесе де мүбаһ (адал) бір істі жасауға

шешім қабылдап, осындай бір істі өзіне уәжіп ету және

Аллаһқа сөз беруі. Аллаһ үшін ғибадат саналған кейбір

нәрселерді атау – сауап алуға арқау нәрсе. Мысалы,

«Аллаһ үшін ертең ораза ұстауды атадым» немесе «Жоқ-

жітікке осынша ақша берейін» деу іспетті. Немесе «Осы

қиыншылықтан аман-есен өтсем, Аллаһ үшін құрбан

шаламын» дегендей.

Негізінде мұндай атау иләһи діндерде де кездескен

ғибадат түрі. Құран Кәрімде Хазіреті Мәриям туралы

атауды баяндаған: «Сол кезде Имранның әйелі: «Раббым,

ішімдегіні азат етіп, Саған арнадым, менен қабыл ет!»

360

.

Және Мәриямға Жебірейіл (а.с.): «Рақымды Аллаһ үшін

ораза ұстадым. Сондықтан бүгін ешкіммен сөйлеспеймін»

деп айт»

361

, – дейді. Аллаһ мұсылмандарға «Айтқан

нәзірлерін орындап, Қағбаны тауап етсін»

362

, – дейді.

Әлбетте, мұндай атау тек шариғат шеңберінен шықпауы

керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім

Аллаһқа бойұсынуды білдіретін нәрсені атаса, орын-

дасын, егер де кімде-кім Аллаһқа қарсы келетін нәрсе

атаса, Аллаһқа қарсы келмесін»

363

.

Атаудың шарттары

1. Аталған нәрсенің парыз немесе уәжіп түрінен

болуы шарт. Мысалы; «Бір апта ораза ұстайын», «Жүз

360

Әли Имран, 3/35.

361

Мәриям, 19/26.

362

Хаж, 22/29.

363

Бухари, Әймән, 28.