Previous Page  339 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 339 / 520 Next Page
Page Background

339

Зекет

2. Иғтиқафтағы мешіттен себепсіз шығу иғтиқафты

бұзады. Түнде немесе күндіз сыртқа әдейі немесе

қателесіп шықса, иғтиқаф бұзылады. Бұның мезгілі – Әбу

Юсуп пен Имам Мұхаммед бойынша, бір күннің жарты-

сынан артық уақыт. Әйел мешіт санаған өз бөлмесінен

себепсіз шықса, иғтиқафы бұзылады. Науқастың көңілін

сұрау, жаназа намазы, т.б. секілді жағдайлар да иғтиқафқа

кедергі жасайды. Бірақ аталған иғтиқафта науқасқа бару,

жаназа оқу шарты қосылса – иғтиқафты бұзбайды.

3. Иғтиқафқа кірген адам бірнеше күн есінен ай-

рылып талып қалса немесе ақылына нұқсандық келсе,

иғтиқафы бұзылады. Ондай жағдайда кейіннен қайта

бастауға тура келеді. Бірақ зәру, табиғи жағдаймен

шыға алады. Сол мешітте жұма намазы оқылмаса, басқа

мешітке жұма үшін бара алады. Мәжбүр жағдайда басқа

мешітке де көше алады. Иғтиқафқа кірген адам сол

жерде ұйықтап тынығып, тамағын сол жерге алдырып

тамақтанады.