335
Зекет
рәкат намаз оқиын» немесе «Бір құрбан сояйын» деп
атаса, бұларды орындау уәжіп. Себебі, мұнда парыз
бен уәжіп ғибадат түрлері бар. Ал «Науқастың көңілін
сұрайын», т.б. сияқты атаулар іске аспайды. Өйткені,
мұнда парыз яки уәжіп жоқ.
2. Атаушының ақылы бүтін және балиғат жасына
толуы керек.
3. Аталған нәрсе парыз яки уәжіп түрінен болса,
мұндай парыз яки уәжіптер басқаға тәуелді болмай өз
алдына жеке ғибадат болуы керек. Мысалы, «Төрт рәкат
оқиын» деуі атауға жатса да, «Жақсылап дәрет алайын»
немесе «Тиләуәт сәждесін жасайын» деу атауға жатпай-
ды. Өйткені дәрет пен тиләуәт сәждесі жеке өз алдына
ғибадат емес. Керісінше, негізгі ғибадатқа арқау ғана.
4. Аталған нәрсе сол кезде немесе келешекте ата-
маса да, жасалатын парыз яки уәжіп болмауы керек.
Мысалы, «Бүгін бесін намазын оқиын» яки Рамазан
айында «Ертең ораза тұтайын» деуі атауға жатпайды.
5. Аталған нәрсе Аллаһ пен Оның Елшісіне қарсы
келетін нәрсе болмауы керек. «Мына ісім оңға басса,
өзімді Аллаһ жолында құрбан етейін» деген атаулар жа-
рамсыз.
6. Аталған нәрсенің іске асуы – шарасыз болмауы
керек. «Кеше ораза ұстайын» деген сияқты оны істеу
мүмкін емес, түсінуге де тиянақсыз болмағаны дұрыс.
7. Аталған малы немесе мүлкі бөгденікі яки өз
иелігіндегі мүлкінен көп болмауы керек. Себебі, адам
жасай алатын нәрсесін атау керек.