Previous Page  337 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 337 / 520 Next Page
Page Background

337

Зекет

Иғтиқаф

Иғтиқаф – бір жерде тұру, күту, өзін бір жерге

қамау деген сөз. Фиқһ терминінде – бір мешітте немесе

соған ұқсас бір жерде иғтиқафқа ниет етіп, белгілі бір

мезгіл сол жерде қалу. Бұл – уәжіп, мүәккад сүннет және

мұстахап түрінде үшке бөлінеді. Аталған (иғтиқафқа

кіремін деп сөз байланған) иғтиқаф – уәжіп, Рамазанның

соңғы он күніндегі иғтиқаф – кифая жолымен мүәккад

сүннет. Басқа бір уақытта ғибадат ниетімен бір мешітте

бір мезгіл иғтиқафта болу – мұстахап. Иғтиқафтың дәлелі

Құран мен сүннетте бар: Құранда: «Сендер мешіттерде

иғтиқафта болғанда...

364

. «Менің үйімді (Қағбаны) тауап

етушілер, ғибадатқа отырушылар, және рүкүғ, сәжде

етушілер үшін тап-таза ұстаңдар»

365

– делінген. Бұл

екі аятта да иғтиқаф ғибадаттарына тиісті мешіттерді

көрсеткен. Айша, ибн Омар, Әнестің (р.а.) риуаятта-

рында былай дейді: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Мәдинаға

келгеннен кейін көз жұмғанға дейін Рамазанның ақырғы

он күнін иғтиқафпен өткізетін

366

.

Иғтиқафтың мақсаты – адамның оңаша қалып

шынайы ықыласпен Аллаһқа бет бұру, оған жақындауға

тырысуы. Мұның ең аз мерзімі – бір күн.

Иғтиқафтың шарттары

1. Мұсылман, ақылы түзу, таза болуы керек.

364

Бақара, 2/187.

365

Бақара, 2/125.

366

Бухари, Итиқаф, 1.