338
Ислам ғылымхалы
2. Хайыз, нифастағы әйелдің иғтиқаф жасауы
дұрыс емес. Ғұсылы жоқ адам да сыртқа шығып тазала-
нып келуі керек.
3. Иғтиқафқа ниет ету керек.
4. Иғтиқаф мешітте немесе соған ұқсас жерде болуы
керек. Жамағатпен намаз оқылатын мешітте болады.
Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.) былай дейді «Иғтиқаф –
жамағатпен намаз оқылатын жерде ғана жасалады».
Әйелдер болса өз үйлерінің бір бөлмесін мешіт етіп, сол
жерде жасай алады. Дегенмен, оларға мешітте жасауға
да болады.
5. Уәжіп иғтиқафқа кірген адамның аузы берік
болуы керек. Қателесіп аузын ашуы – иғтиқафқа кері
әсер етпейді. Сүннет иғтиқафта ораза шарт емес. Әйел
ерінен рұқсат алуы керек.
Иғтиқаф әдебі
1. Иғтиқафты Рамазан айының ақырғы он күнінде
мешітте жасау.
2. Иғтиқаф кезінде жаман сөз сөйлемеу керек.
Жақсы, шарапатты сөздер айтылғаны абзал.
3. Иғтиқаф кезінде Құран, хадис, Аллаһты барынша
зікір етіп, көп салауат айтып, терең ғибадат ету керек.
Жақсы киім мен хош иіс жаққан абзал.
Иғтиқафты бұзатын нәрселер
1. Жыныстық қатынас. Құранда: «Мешіттерде
иғтиқафта болған кезде әйелдеріңе жақындамаңдар»
367
– деп айтылады.
367
Бақара, 2/187.