344
Ислам ғылымхалы
және байлығымен басқаларға тәкаппарлану, паңдану
сияқты жаман сипаттар бар. Зекет ғибадаты адамды
осы өзімшілдік, сараңдық, дүниеқорлық, тәкаппарлық
сияқты жиіркенішті қылықтардан сақтап, кішіпейілдік,
жомарттық және кеңпейілдік сияқты жақсы сипаттарға
тәрбиелеп, баулиды. Байлығының бір бөлігін тек қана
Аллаһ ризашылығы үшін пақыр отандастары мен
діндестеріне тегін беретіндей көңілге ие болған мұсылман
баласы әрқашан елін, халқын, отанын ойлайтын азаматқа
айналары сөзсіз.
3. Зекет – қоғамдағы бай мен кедейдің арасындағы
байланысты жақсартып, бауырмалдыққа тәрбиелейді.
Мәселен, кедейлергемейірімділік танытып, жағдайларына
қарасқандықтан кедей де байларға құрметпен қарап,
олардың дүние-мүліктеріне сұқ көзденбейді. Қызғанып,
қастандық ойламайды. Осылайша қоғам бақытты, сенімді
ғұмыр кешеді.
4. Зекет – қоғамдағы кедей-кепшіктердің орташа
өмір сүрулеріне ықпал жасап, мемлекетті әлсіздіктен
сақтайды.
5. Зекет – капиталдың тек қана байлардың ара-
сында айналып тұратын күш болуына бөгет жасайды.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Зекет – Исламның көпірі»
369
– деп, әлеуметтік өмірдегі табиғи түрде бай, кедей
деп бөлінудің зекет арқылы бір дастарқан басына
жиналатындығын ишарат етуде. Өйткені, зекет – бай
мен кедейді жақындастыратын маңызды ғибадат.
Ислам діні
«Өзім тоқ болсам болды, өзгенің өмірем
қапқанында шаруам жоқ» немесе «қиындығын сен көр,
қызығын мен көрейін»
– деген сияқты қара басын ғана
369
Һайсәйми, Мажма’уз-зәуайд, 3/62.