Previous Page  350 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 350 / 520 Next Page
Page Background

350

Ислам ғылымхалы

сүйіншіле. Жиналған алтын мен күміс тозақ отында

қыздырылып, онымен маңдайлары, қабырғалары

және арқалары таңбаланатын қиямет күні оларға:

«Міне, мынау – өздерің үшінжиған дүниелерің. Ал енді

қанеки, жинағандарыңның дәмін татыңдар!»

380

.

Зекетті өтемегендердің дүниедегі тартатын

жазасы

Зекетті өтемегендер бұл дүниеде жоқшылық пен

аштыққа кіріптар болады. Пайғамбарымыз бұл турасында

былай дейді:

«Зекет бермеген қауымдарды Аллаһ Тағала

міндетті түрде жоқшылық пен аштыққа ұшыратады».

Басқа бір хадисінде былай дейді: «Байлықтарының

зекетін бермесе, көк жаңбырынан құр қалады. Жан-

жануар болмағанда олардың үстіне жаңбыр жаумас

еді»

.

Зекет кімдерге парыз?

Зекеттің белгілі бір адамға парыз болуы үшін

төмендегі шарттардың орындалуы тиіс.

1. Мұсылман болуы

Басқа ғибадаттар сияқты зекет ғибадатында да

беруші адамның ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен,

азат мұсылман болуы шарт. Мұсылман мемлекетінде

өмір сүретін басқа дінді ұстанушыларға және балиғат

жасына жетпеген балалар мен ақыл-есі дұрыс еместерге

зекет беру парыз емес.

Ханафи мәзһабынан тыс басқа мәзһабтарда балиғат

жасына жетпеген балалар мен ақыл-есі дұрыс еместер-

380

Тәубе, 34-35.