Previous Page  351 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 351 / 520 Next Page
Page Background

351

Зекет

ге де зекет беру парыз. Олардың малдарының зекетін

уалийлері береді.

381

2. Нисап көлеміне жететін немесе одан да

көп байлыққа ие болу

Зекеттің парыз болуы үшін күнделікті тіршілікте

қолданылатын негізгі қажеттер мен қарыздардан тыс,

нисап көлеміне жететін байлыққа ие болуы керек.

Нисап дегеніміз – зекетті парыз ететін белгілі байлық

мөлшері.

Зекеті берілетін байлықтың түрлері мен

зекет беруді парыз ететін нисап көлемі

1. Алтында: жиырма динар, яғни, 85 грамм

2. Күмісте: екі жүз дирһам, яғни, 595 грамм

3. Түйеде: бес

4. Сиырда: отыз

5. Қой мен ешкіде: қырық

6. Сауда заттарында: 85 грамм алтын немесе 595

грамм күмістің құнына тең болса.

7. Ақшада: 85 грамм алтын немесе 595 грамм

күмістің құнына тең болса

8. Бау-бақша және егіс өнімдері

Күнделікті тіршілікте қолданылатын

негізгі қажеттерге нелер жатады?

1. Тұратын үйі, үй жиһаздары мен аспаптары;

2. Ғылым адамдарының кітаптары мен өнер

адамдарының аспаптары;

381

Уалий: оларға қарауға міндетті жақындары мен туған-

туыстары.