Previous Page  357 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 357 / 520 Next Page
Page Background

357

Зекет

Бір нәрсені кедейге берген уақытта зекет ниетімен

бермей, сосын барып берілген зат жылдық зекетімнің

орнына жүре берсін деп ниет еткен жағдайда, берген

нәрсесі әлі жұмсалмай кедейдің қолында болса, зекеті

ретінде қабылданады. Ал, егер жұмсалып кетсе, қайта

зекет беруіне тура келеді.

Бір адам зекет есесін бөліп қойғаннан кейін жоғалып,

ұрланып немесе басқа бір жағдаймен жойылып кетсе,

зекет парызы мойнынан түспейді. Өйткені, зекет есесі

– кедейлерге иелендіру арқылы берілген жағдайда ғана

зекет ретінде қабылданады.

Бір адам зекетті ниет етпей анда-санда кедейлер-

ге бір нәрселер беріп тұрса, зекет парызы мойнынан

түспейді.

Зекет тек қана Аллаһ ризашылығы үшін берілуі

тиіс. Зекетті адамдарға көрсету үшін немесе мақтану

үшін беруге болмайды. Берген зекетін міндетсіп,

паңданатындардың зекеті Аллаһтың алдында қабыл

болмайды.

«Ей, иман еткендер! Аллаһқа және ақырет

күніне сенбестен, тек қана адамдарға (мақтанып,)

көрсету үшін мал жұмсаған адамдарға ұқсап,

берген садақаларыңды (берілген адамға) міндетсіп,

ренжіту арқылы бұзбаңдар! Оның (берген садақасын

міндетсіп, берген адамдарды ренжіткендерің)

мысалы, үстінде топырағы бар тайғанақ тас сияқты,

оған нөсер жауа қалса (топырағын шайып), құр тас

күйінде қалдырады. Бұндай адамдар істеген ешбір

істерінің сауабы мен қарымын ала алмайды. Аллаһ

қарсы келген елді тура жолға салмайды»

386

.

386

Бақара, 2/264-аят.