359
Зекет
Бұл аятта айтылған сегіз топты былай
түсіндіруге болады:
1-2. Пақырлар мен міскіндер
Пақыр деп – нисап мөлшеріне жететін байлығы жоқ
адамдарға, міскін деп – түгі жоқ адамдарға айтылады.
3. Зекет жинауға тағайындалған арнайы
адамдар
Зекеттердің жиналуы, сақталуы, есептеліп, лайық
адамдарға таратылып, тапсырылуы сияқты жұмыстар
үшін мемлекет тарапынан тағайындалған адамдар.
Бұларға зекеттен белгілі есе аталмыш еңбектерінің
қарымына айлық ретінде берілгендіктен тағайындалған
адамдардың бай болулары зекеттен мемлекеттің
белгілеген мөлшерін алуларына бөгет емес.
4. Муәллафатул-қулууб
Мұсылман болу бақытына әлі кенелмеген кейбір
адамдардың жаманшылығынан сақтану үшін және Ислам
дінін жаңадан қабылдаған иманы әлсіз адамдардың, тіпті
әлі Исламды қабылдамаған кейбір адамдардың көңілін
жібіту үшін Пайғамбарымыз (с.а.у.) кедей болсын,
ауқатты болсын, оларға зекеттен белгілі есе беріп
отырған. Міне, осы аталмыш үш топ Құранда айтылып,
зекеттен белгілі бір есе тағайындалған «муалләфатул-
қулууб» тобына жатады.
Бірақ Хазіреті Омар дәуірінде бұл топқа берілетін
зекет есесі тоқтатылған. Тоқтатылуының басты себебі,
Ислам дінінің дүниеге қанат жайып қуаттанғаннан кейін
бұлардың көңілін Исламға жібітіп, жаманшылықтарынан
сақтанудың қажеті болмай қалуында еді. Бірақ кейбір