365
Зекет
сыйлықты қабыл алғанымен, ешбір садақаны қабыл ал-
майтын
390
және туысқандарына да алдырмайтын.
Ақшаның зекеті
Пайғамбарымыз (с.а.у.) дәуірінде қазіргідей қағаз
ақша емес, динар (алтын ақша) мен дирһам (күміс
ақша) қолданылғандықтан, қазіргі қағаз ақшаның зекет
нисабын белгілеуде алтын мен күміс негізге алынып
есептеліп отыр. Алтынның нисабы – 85 грамм. Егер
белгілі бір адамның ақшасының құны кем дегенде 85
грамм алтынның құнына тең келсе, ол кісіге жалпы
ақшасының қырық та бірін зекет ретінде беру – парыз.
Ақшасының мөлшері нисап көлеміне жетпей, иелігіндегі
алтынын немесе сауда заттарын қосқанда жететін болса,
зекет беріледі.
Алтынның зекеті
Жоғарыда алтынның белгіленген нисап мөлшері –
85 грамм дедік. Міне осы 85 грамм алтыннан 2.125 грамм
зекет ретінде беріледі. Бұл – 2,5%, яғни, 85 грамның
қырық та бірі деген сөз.
Әли (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз
(с.а.у.) алтынның нисап мөлшерін былай деп білдіреді:
«Алтыннан жиырма динарға жетпейінше зекет алын-
байды. Сенің жиырма динар алтының болып, оған бір
жыл айналмайынша зекет беруің міндет емес».
Әбу Ханифа бойынша, 85 грамнан асқан мөлшерден
17 грамға жетпей, зекет алынбайды. 17 грамнан ары қарай
қырық та бірі зекет ретінде алынады. 85+17 грамнан
390
Муслим, Зекет,162-165.