Previous Page  362 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 362 / 520 Next Page
Page Background

362

Ислам ғылымхалы

Әкесінің мұқтаж туған-туыс,

бауырларына, нағашыларына және өзінің

бауырларына малдарының зекетін беруге

бола ма?

Өзінің зекетін аталмыш адамдар кедей болып

жатса, беруге болады. Тіпті мұқтаж аталмыш туыстарға

зекет берудің абзал екенін Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір

хадисінде:

«Кедейлерге берілген садақа – бір садақа, ал,

туыстарға берілген садақа – екі садақа. Біреуі – садақа.

Екіншісі – туыстарға жасалған жақсылық»

389

,

– деп

білдіреді.

Байға зекет малынан жеуге рұқсат па?

Байға зекет алуға болмайды, бірақ кедейге берілген

зекет малынан жеуіне болады. Мысалға, кедей адамға

зекет беріліп, кедей де берілген зекетті бай көршісіне

жегізсе, немесе сыйласа, сыйды алуына болады.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл турасында былай деді:

«

Бес кісіден басқа, бай кісіге – садақа адал емес. Олар

мыналар:

1 – Аллаһ жолында соғысқа шыққан

2 – Садақаны (зекетті) жинауға тағайындалған

3 – Қарызданған

4 – Садақа малын өзінің ақшасымен сатып алған

5 – Кедей көршісі өзіне берілген садақадан бай

көршісіне сыйласа».

389

Тирмизи, Зекет,26; Насаи, Зекет,82; Ибн Мажә, Зекет, 28.