361
Зекет
Бір адамның зекеті осы сегіз топтың
барлығына берілуі шарт па?
Ханафи мәзһабындағы ғалымдардың көпшілік
пікіріне сүйенсек, зекет есесін сегіз топтың барлығына
бірден беру шарт емес. Яғни, осы сегіз топтың біреуіне
ғана берілсе де, зекет ғибадаты орындалады.
Зекеттің бәрін бір адамға түгелдей беруге
бола ма?
Ханафи және Шафиғи мәзһабында бір адам зекетін
толық немесе бірнеша адам зекеттерін жинап бір пақырға
яки міскінге берулеріне болады. Бірақ бір адамға нисап
мөлшерінде немесе нисап мөлшерінен артық беру –
мәкрүһ.
Егер зекет есесі бірнеше адамға бөлініп берілген
жағдайда әрқайсысына өте аз үлес тисе, берілген
адамдардың ешқайсысына татымайтындай болса біреуіне
ғана берген жөн.
Күйеуі – әйеліне, әйелі – күйеуіне
малдарының зекеттерін бере ала ма?
Әйелдің нәпақасын қамтамасыз ету – күйеуінің
міндеті. Күйеуі пақыр әйеліне малының зекетін бере
алмайды. Имам Әбу Ханифа хазіреттің пікіріне сүйенсек,
бай әйел малының зекетін мұқтаж күйеуіне бере ал-
майды. Ал, Имам Әбу Юсуп және Имам Мұхаммедтің
пікіріне сүйенсек, беруіне болады.
Қайын ата және қайын ана – күйеу балаларына,
күйеу балалары – қайын аталары мен қайын енелеріне
малдарының зекеттерін берулеріне болады.