360
Ислам ғылымхалы
ғалымдардың фәтуасына сүйенсек, қажет болған
жағдайда, қайтадан бұл топқа беруге болады.
5. Құлдар
Қожайынынан азат болу үшін белгілі ақшаға
келіскен құлдарға зекет беріледі. Міне, бұл Ислам дінінің
құлдарды азат ету жолында жұмсаған еңбектерінің бір
көрінісі.
6. Қарызға батқандар
Қарызынан тыс нисап мөлшеріндегі малға ие
болмаған немесе басқасында алатын қарызы болып,
қайтарып алуы мүмкін болмағандар «қарызды
адамдардың» тобына жатады. Пақырға зекет бергеннен
гөрі қарызынан қиыншылық көріп жатқан адамдарға
зекет беру – абзал. Өйткені, қарызынан құтылу – қарызы
бар үшін басты міндет.
7. Аллаһ жолында
Бұл топқа Аллаһ ризалығы үшін ілім іздеушілер,
Аллаһ Тағаланың дінін қорғау және жастарымызды
имандылық, адалдық, адамгершілік, әділдік сияқты
жақсы қасиеттерге тәрбиелеу үшін, жалпы қоғам пай-
дасына шешілетін қайырлы істер үшін бар күштерін
салып еңбек етушілер кіреді.
8. Қаржылары бітіп, жолда қалғандар
Бұларға негізгі тұрғылықты жерлерінде ақшалары
барлар жатады, яғни, бай болса да оларға зекет беріледі
(қажылар, ілім ізденушілер, т.б. сияқты).