356
Ислам ғылымхалы
Табылған дүние, байлыққа жоғалған
жылдары үшін зекет беріле ме?
Жоғалып, қайта табылған дүние, байлыққа жоғалған
жылдары үшін зекет берілмейді. Пайғамбарымыз
хадисінде былайдеген:
«Димармалға зекетберілмейді»
384
.
Димар мал дегеніміз: иелігінде бола тұра қайта қайтып,
қолына тиюі үміт етілмеген зат, байлық, яғни, иелігінде
бола тұра қолданылуы мүмкін емес дүние.
Зекеттің дұрыс орындалуы үшін қосылған
шарттар
1. Ниет
Жалпы ғибадаттар сияқты зекет ғибадатында
да ниет ету шарт. Зекетті басқа нәпіл садақалардан
ерекшелендіретін де осы ниет екені сөзсіз.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде былай деген:
«Барлық амалдар ниетке байланысты»
385
. Зекет есесін
кедейлерге берген уақытта немесе зекет есесін бөлген
уақытта бұның зекет екендігін жүрегімен ниет ету
керектігі туралы төрт мәзһаб ғалымдары бір көзқараста.
Тілмен ниет ету шарт емес. Кедейге зекет беру ниетімен
бір нәрсе берген уақытта көңіліне келмес үшін бұл саған
берген сыйлығымыз деп, тапсырса зекеттің дұрыстығына
еш зиян келтірмейді.
Зекет берілген адам да өзіне тапсырылған зекеттің
зекет екенін біліп-білмеуі маңызды емес. Басқа
мұсылмандарға үлгі болу үшін зекетті жария түрде
берген жөн.
384
Малик Муатта, 18.
385
Муслим, Имара, 155. Бухари, Бәдул – Уахи,1.