Previous Page  355 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 355 / 520 Next Page
Page Background

355

Зекет

Қарыз иесі борыштының қарызын кешкен

жағдайда...

Қарыз иесі қарызын борыштыдан кешкен жағдайда,

кешілген қарызды қосқанда барлық ақшасының мөлшері

нисап мөлшеріне жетіп жатса, зекет беру парыз. Қарыз

иесі қарызын кешкен күнге бір жыл толғаннан кейін

зекет береді.

Құрбандық, пітір садақа, кәффарат,

қажылық сияқты мұсылманның мойнындағы

қарыздар зекеттегі нисап мөлшеріне әсерін

тигізе ме?

Аталмыш қарыздар Аллаһ пен құлдарының ара-

сында болғандықтан, зекеттің нисап мөлшеріне әсерін

тигізбейді. Мысалға, біреудің байлығы нисап мөлшеріне

жетіп тұрса, бірақ мойнында аталмыш қарыздары болса,

және бұл қарыздарды өтеген жағдайда, қалған ақшасы

нисап мөлшеріне жетпей қалса да зекет беру парыз

болып қала береді.

6. Зекеті берілетін байлыққа толық ие болу

Зекеті берілетін байлыққа зекет беруші адам толық

ие болуы керек. Яғни, иесінің иелігінде және қолында

тұрып, қалаған уақытта қолдана алатындай мүмкіндікте

болуы керек. Мысалға, басқа біреуге кепілдікке берілген

затқа зекет берілмейді. Өйткені, кепілдікке берілген зат,

иесінің иелігінде десек те қалаған уақытында қолдана

алмайды.

Сатып алынып, әлі қолына тие қоймаған затқа зекет

беріледі. Өйткені, сатып алынған заттың сатып алған

адамның қолына тию пайызы басымырақ.