352
Ислам ғылымхалы
3. Өзі және әйелі, балаларына жететен бір айлық
(басқа бір риуаятта бір жылдық) азық-түліктері;
4. Өзі және отбасының киетін киімдері;
5. Дәрі-дәрмектер. Дінімізде денсаулықты сақтау
парыз саналғандықтан отбасыға күтімге міндетті
адамдарға қажетті дәрі-дәрмек, емхана қаржылары негізгі
қажеттіліктерге саналып, олардан зекет алынбайды
6. Егістікпен шаруашылықпен айналысатын
адамдардың трактор, комбайн сияқты құралдары мен
аспаптарынан зекет алынбайды. Бірақ бұл құралдармен
басқаларға жұмыс істеп, ақша табатын болса, тапқан
ақшадан зекет алынады.
3. Зекеті берілетін байлықтың өсімділігі
Зекеті берілетін байлықтың өсімді болуы оларды
күнделікті өмірде қажетімізге қолдану мақсатымен
емес, иесіне кіріс кіргізу мақсатымен қолға ұсталуы.
Мысалға, сауда заттарының сауда жасау арқылы, мал-
жануарлардың төлдеу арқылы, егіс, бау-бақшаның жеміс
беру арқылы иесіне кіріс кіргізуі сияқты. Алтын, күміс,
ақша, әшекей бұйымдармен сауда жасап, кіріс кіргізуі
мақсат етілмесе де, олардан зекет беру парыз. Яғни,
олардың өсімді болуы шарт емес.
4. Зекеті берілетін байлыққа бір жыл
толуы
Зекеті берілетін байлыққа ай санауымен бір жыл
толуы керек. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде:
«Бір жыл толмай байлыққа зекет берілмейді»
382
, – дейді.
Бір жыл – зекеті бірілетін дүние, малдардың көбейіп,
өсетін уақыты.
382
Әбу Дәәуд, Зекет, 5.