348
Ислам ғылымхалы
Парыздығының дәлелдері
(Құран Кәрім, Сүннет, Ижмағ)
1. Құран-Кәрім:
«Намаз оқыңдар, зекет беріңдер…»
374
«Олардың
күнәларынан тазаланып, малдары көбейіп
берекеттенуі үшін олардың (мұсылмандардың)
малдарынан садақа (зекет) ал …»
375
«Шын мәнінде
садақалар (зекеттер) кедей-кепшіктіктерге, түгі
жоқ міскіндерге, зекетті жинауға тағайындалған
адамдарға, көңілдері жібітілуі мақсат етілгендерге
(жаңа мұсылмандарға т.б.), құлдарды азат етуге,
қарызға батқандарға, Аллаһ жолына және қиналған
жолаушыларға берілуі Аллаһ тарапынан парыз
етілді»
376
.
2. Сүннет
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген:
«Ислам діні бес негізден тұрады: Аллаһтан басқа
тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммедтің (с.а.у.) Аллаһ
тарапынан жіберілген елші екендігіне куәлік келтіру,
намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау, шамасы
келсе қажылыққа бару»
377
3. Ижмағ
378
Жаппай барлық Ислам ғұлама, мүштаһиттері зекет
ғибадатының парыздығына бірдей көзқарас білдірген.
374
Бақара сүресі, 34,83-аят.
375
Тәубе сүресі, 103-аят.
376
Тәубе сүресі, 60-аят.
377
Тирмизи, Иман,36; Бухари, Иман,1; Муслим, Иман, 217.
378
Ижмағ: Ислам ғұламаларының белгілі бір мәселенің үкімінде
ортақ көзқараста болуы.