Previous Page  346 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 346 / 520 Next Page
Page Background

346

Ислам ғылымхалы

тілейтін дұғаларыңмен бастарыңа келетін пәлелерге

дайындалыңдар»

370

– деп түсіндіреді.

8. Зекет – қоғамдағы ұрлық-қарлық, алдап-сулау,

адам тонау, кісі өлтіру сияқты жаман әдеттердің кеңінен

жайылуына бөгет қояды. Мұқтаж адамдардың өмір

сүрулеріне керекті материалды көмек зекет сияқты заңды

жолмен қамтамасыз етілгендіктен, қоғамдағы аталмыш

болымсыз кереғар көріністер өздігінен тоқтайды.

9. Барлық мүшесімен бірге қоғам бүтін саналады.

Әркім өзіне кіріс кіргізу барысында қоғамның басқа

мүшелерінен тікелей немесе жанама түрде пайдалана-

ды. Байдың байлығының пайда болуында қоғамның да

ықпалы бар екеніне кім дауласар? Қоғамнан тыс жапан

далада жеке басы өмір сүргенде қолындағы байлығы

пайда болар ма еді? Сондықтан байдың байлығында

кедейдің де есесі бар екенін ұмытпағанымыз жөн.

Беретін зекетіміз – өмір сүріп жатқан қоғамымызға деген

рақметіміз бен бізге сол байлық нығметін нәсіп еткен

Ұлы Жаратушымызға шүкіріміздің белгісі.

10. Шайтан адамды «Зекет берсең, аш – жалаңаш,

кедей болып қаласың» – деп, қорқытып, барынша

азғырады. Шындығында зекет малымыздың азаюына

емес, көбейіп, өсіп-өнуіне себеп. Құранда бұл шындық

былай баяндалады:

«Шайтан сендерді кедейлікпен

қорқытып, жаманшылық жасауды бұйырады. Ал

Аллаһ сендерге өз тарапынан кешірімі мен кеңшілігін

уәде етеді…»

371

, «Аллаһ өсімнің берекетін кетіріп

370

Кашфул-хафаа, 1/361

371

Бақара сүресі, 268-аят.