Previous Page  347 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 347 / 520 Next Page
Page Background

347

Зекет

жояды, ал садақасы берілген малды берекеттендіріп

арттырады»

372

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде берілген

садақаның байлықты азайтпайтынын айтады:

«Садақа

малдан ештеңе азайтпайды»

373

.

11. Зекет берген адамның жан жүрегін, ішкі сезімін

керемет қуаныш билеп, ерекше ләззат құшағына

кіргендей күй кешеді. Өмірдің қысымынан, дүние-

мүліктің ауыртпалығынан, жүректің қаттылығынан ары-

лады. Батыс елдерінде материалдық өмірмен етене бай-

ланысып кеткендіктен рухани тоқырауға ұшырағандарға

психологтар жаңа емнің түрі ретінде мұқтаж адамдарға

көмек көрсетуді ұсынуы кісі ойлантарлық. Хақ Тағала

әр жақсылықтың есебін қолма-қол жүрекке рухани рахат

құю арқылы сездіреді. Бұны ешбір материалдық рахаттан

алу мүмкін емес.

Зекеттің мұсылмандардыжалқаулыққа, масылдыққа,

жатып ішерлікке тәрбиелеп дағдыландырмайтындығын

айта кеткеніміз жөн болар. Өйткені, Пайғамбарымыз:

{ألْيَدُ الْعُلْيَا خَيْرٌ مِنَ الْيَدِالسّفْلَي}

«Береген қол – алаған қолдан

қайырлы»

– деп мұсылмандарды әрқашан тер төгіп,

еңбек етуге шақырады.

Зекет ғибадатының үкімі

Зекет ғибадаты Ислам дініндегі негізгі бес ғибадат-

тың ішінен орын теуіп, Һижреттің екінші жылы Рамазан

оразасынан кейін Шәууал айында парыз болды.

372

Бақара сүресі, 276-аят.

373

Муслим, бирр/69.