Previous Page  345 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 345 / 520 Next Page
Page Background

345

Зекет

ойлайтын өзімшілдікке қарсы шығу арқылы бай-кедей

арасындағы қайшылықтардың алдын алады.

Аллаһ бұл дүниені адамдардың барлығына

толық жететіндей нығметтерімен безендірген. Сол

нығметтерді әділ бөліске салмаған мына дүниеде

көптеген қиыншылықтар кездесуде. Соның кесірінен

ат төбеліндей ғана топ рахат өмір сүріп, жай халықтың

көбі қиыншылық пен жоқшылықтан көз ашпауда. Міне,

зекет – кірістің таратылуындағы осы теңсіздікті жойып,

әділеттікті орнататын, байларға жүктелген сауабы мол,

мәні зор ғибадат. Қысқасы, зекет – хадисте айтылғандай,

байдың мейірімділігін, кедейдің құрметін тудыратын,

оларды өзара дәнекерлейтін иләһи көпір.

6. Зекет ғибадаты – Аллаһ Тағала берген байлыққа

деген шүкіршілік. Зекет беруші мұсылман қолындағы

байлықтың Аллаһ Тағала берген жақсылық екенін

ұғынады. Өзінен де зерек, қабілетті, денсаулығы мықты

талай адамдардың бұл нығметтен мақрұм екендігін

түсініп, сол нығметтерді өзіне нәсіп еткен Аллаһ Тағалаға

шүкір етеді. Әр нығмет өзіне сай шүкір талап етеді.

Ілімнің шүкірі оны басқаға үйретумен, дене мүшеміздің

шүкірі ораза ұстап, намаз оқу тәрізді ғибадаттармен

орындалатыны сияқты, байлық нығметінің де шүкірі

мұқтаждарға көмектесіп, зекет беру арқылыжүзеге асады.

Яғни, байлық нығметінің шүкірі аузымызбен айтылатын

«Аллаһқа шүкір» деген сөзбен ғана шектелмейді.

7. Зекет пәле-жаладан, апаттан, ауру-сырқаудан

сақтайды. Байлықтың құрып кетуіне тосқауыл жасай-

ды. Пайғамбарымыз:

«Малдарыңды зекет беру арқылы

қорғаңдар, ауруларыңды садақа беру арқылы емдеңдер,