Previous Page  354 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 354 / 520 Next Page
Page Background

354

Ислам ғылымхалы

Зекеті берілетін байлық, мал-дәулет бір жыл

толғаннан кейін көбейіп өссе, көбейген бөлімінің зекеті

дәл сол жылы берілмейді. Көбейген бөлімінің зекеті

келесі жылы дәл сол уақытта беріледі. Мысалға, бір

адамның қолында өткен жылғы Рамазан айының он

бесінде 100 мың теңге болса, бұл көлем биылғы жылы

Рамазан айының он бесіне дейін 140 мың теңгеге көбейіп,

Рамазан айының жиырмасында 160 мыңға жетсе, 140

мың теңгенің ғана зекеті сол жылы беріледі.

Зекеттің парыз болуы үшін малға бір жыл толуы

керек дедік, бірақ пақыр кедей-кепшіктердің жағдайын

ойлап, бір жыл толмай да зекет бере беруге болады. Бірақ

бір жылда екі рет зекет берілмейді.

5. Қарыз болмауы

Адамдарға болған қарыздың барлық түрі – зекеттің

парыздығына бөгет жасайды. Мысалға, бір адам негізгі

қажеттерінен тыс 100 грамм алтынға ие болды делік.

Бірақ бұл адамның басқа біреуге 20 грамм көлемінде

қарызы болса, бұл адамға зекет парыз емес. Өйткені,

қарыздан тыс қалған малдың мөлшері нисап көлеміне

(85гм шамасындағы алтынның құны) жетпейді.

Алдыңғы бір жыл немесе бірнеше жыл үшін

берілмеген зекет есесі қарызға жата ма?

Бір жыл немесе бірнеше жыл үшін берілмеген

зекет есесі қарыз болып саналады және міндетті түрде

өтелуі тиіс. Өтелгеннен кейін қалған ақшаның құны

нисап мөлшеріне жетіп жатса ғана сол жыл үшін зекет

беріледі

383

.

383

Фатауий һиндия.