363
Зекет
Қабыл болған садақа
Ибну Мәндәнің риуаяты бойынша:
Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларына садақаға
берудің сауаптығын айтып, ол турасында түскен аят-
тарды оқып, қызықтырған сайын олар да бір-бірімен
жарысып, шама-шарықтары жеткенше садақаға арнап
әр нәрселерін әкеліп жатты.
Сахабалардан Утба ибну Зәйд садақа беруге құштар
болғаны соншалық, Ұлы Жаратушыға өзінің кедей
екендігін айтып жалбарынып, түн ортасында былай
деп мұңын шақты: «Я, Аллаһ, Ұлы Жаратушым! Менің
садақа беретіндей түгім жоқ. Бірақ мен осы уақытқа дейін
маған зорлық-зомбылық көрсеткендердің, әлімжеттік
қылып, тісі батқандардың бәрін шын ықыласпен кештім.
Осы ісімді менен садақа ғып қабыл ала гөр! – деп жал-
барынады.
Ертесіне таңертең Пайғамбарымыз сахабаларынан:
«Кеше өзіне ақысы өткендердің бәрін кешірген кім?»,
– деп сұрады. «Мен», – деп орнынан түрегелген Утба
ибну Зәйдке Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Садақаң қабыл
болды»
, – деп сүйіншіледі.
Әбу Мұсаның риуаяты бойынша:
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бірде:
– Әр мұсылман садақа беруі тиіс,-дегенде:
– Садақа беретіндей ештеңесі жоқ болса ше? – деген
сұрақ қойылды.
– Онда тер төгіп, еңбек етіп, өзіне де пайдасын
тигізіп, басқаға да садақа берсін.
– Ал оны да істей алмаса ше?