Previous Page  368 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 368 / 520 Next Page
Page Background

368

Ислам ғылымхалы

Пайғамбарымыз (с.а.у.)

«Бір жыл толмай, малдан

зекет алынбайды»,

– дeйді.

4. Зекеті берілетін малдардың жылдың көбінде

қырда жайылуы. Жылдың көбінде, яғни, алты айдан артық

уақыт көбейіп, өніп-өсулері, сүтті мол беру, семірулері

үшін қырда бағылған малға

«сәәйма»

делінеді. Аталмыш

пайдалар үшін бағылған малдардан төмендегі кестеде

көрсетілген есеп бойынша, зекет алынады. Ал егер осы

пайдаларға қоса сауда жасау мақсатымен бағылса, сауда

тауарларының қатарына кіріп, басқа сауда тауарлары

немесе ақшамен бірге есептеліп, жалпы құндарының

қырық та бірі зекет ретінде беріледі.

Үй шаруаларында қолданылатын малдар-

дан зекет алына ма?

Пайғамбарымыздың (с.а.у.)

«Жүк таситын және

жұмыста қолданылатын жануарлар мен егіс жырта-

тын өгіздерден зекет алынбайды»

392

– деген хадисін

негізге алған Ханафи ғұламалары қырларда жайылмаған

немесе сауда жасау ниетімен бағылмаған малдардан

зекет алынбайтыны туралы бір пікірде. Яғни, тек қана

жүк тасу, міну және жер жырту үшін бағылған малдардан

зекет алынбайды.

Төрт түлік малдың зекетінің нисабы мен сол ни-

саптан парыз болған мөлшері төмендегі көрсетілген

кестедегідей:

392

Әбу Дәәуд 1/237; Бәйһақи 4/16.