Previous Page  372 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 372 / 520 Next Page
Page Background

372

Ислам ғылымхалы

201-399 аралығында

3 қой

400-499 аралығында

4 қой

Қойдың саны 500-ге жеткеннен кейін әрбір 100 қой

үшін бір қой қосылып отырады.

Жылқы малының зекеті

Жылдың көбінде қырда, жайылымда көбейту

мақсатымен бағылған жылқылардан да зекет алына-

ды. Жалпы жылқының құны есептелінеді. Құны нисап

мөлшеріне жеткен жағдайда құнының қырықта бірі зекет

ретінде беріледі

394

.

Сауда тауарларының зекеті

Сауда тауарларының зекетіне байланысты

дәлелдер:

Аллаһ Тағала «Бақара» сүресінің 81-аятында:

«Ей,

иман еткендер, тапқандарыңның және сендер үшін

жерден шығарғандарымыздың адал және тазала-

рын Аллаһ үшін жұмсаңдар»

. Бұл аят сауда тауарлары

және топырақ өнімдерінің зекеті турасында түсірілген.

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Түйеде – зекет бар, сиырда –

зекет бар және матада –зекет бар»

, – деп бұйырған.

Бұл жердегі мата сауда тауары болғандықтан, хадис –

сауда тауарындағы зекеттің парыздығына дәлел. Сәмура

ибну Жундәб былай дейді:

«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сауда

394

Бадаай’ус-санааи’и, Китабуз-зәкат,446; Илмихал, 1-том, 457.

(Түркие дианет вакфы, Ислам араштырмалары меркезі).