Previous Page  370 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 370 / 520 Next Page
Page Background

370

Ислам ғылымхалы

175-тен 185-ке дейін үш жасар 3 түйе мен бір жасар

1 түйе беріледі.

186-195-ке дейін үш жасар 3 түйе мен екі жасар 1

түйе беріледі.

196-200-ге дейін үш жасар 4 түйе беріледі. Бұдан

кейін жүз елуден кейінгі 50 түйеде жасалған есеп екі

жүзден кейінгі әр 50 түйеде де қолданылады. Түйенің

зекетінде ұрғашы түйе, яки құны беріледі.

Сиырдың зекеті

Сиырдың нисап мөлшері – 30 дедік. Пайғамбарымыз

(с.а.у.)

«Әрбір отыз сиыр үшін бір таби немесе бір табиа

(бір жасар тана), әр қырық сиыр үшін бір мусин немесе

бір мусинна (екі жасар құнажын) зекет беріледі»

393

деп бұйырған. Яғни, әрбір отыз сиыр үшін бір жастағы

бір тана, әрбір қырық сиыр үшін екі жасар бір құнажын

беріледі. Мысалға, 120 сиыры бар адам қаласа, бір жасар

төрт тана бере алатыны сияқты екі жасар үш құнажын

бере алады. Өйткені, 120 санында төрт – 30 саны, үш –

40 саны бар.

Сиыр

НИСАП

МӨЛШЕРІ

ПАРЫЗ БОЛҒАН МӨЛШЕР

30

Бір жасар тана

40

Екі жасар сиыр

60

Бір жасар 2 тана

70

Бір жасар 1 тана, екі жасар 1 сиыр

393

Тирмизи, Зекет,5/622.