371
Зекет
80
Екі жасар 2 сиыр
90
Бір жасар 3 тана
100
Бір жасар 2 тана, екі жасар 1 сиыр
120
Екі жасар 3 сиыр немесе бір жасар
4 тана
Қой мен ешкінің зекеті
Қырда жайылған қой мен ешкінің нисап көлемі –
қырық. Пайғамбарымыз (с.а.у.)
«Әрбір қырық қой үшін
бір қой зекет парыз»
– деп бұйырған.
Қой мен ешкі бір-бірінің нисабын толықтыра
алатындықтан, 39 қойы, 1 ешкісі болған адамның бір
қойды зекет ретінде беруі – парыз. Қой мен ешкі аралас
болған жағдайда қайсысы көп болса, зекет содан беріледі.
Екеуі тең болса, қайсысынан берсе де ерікті. Ылғи ешкі
болса зекетіне қой, яки ылғи қой болса зекетіне ешкі
берілмейді.
Зекетке берілетін қойдың бір жасар болуы жөн.
Өте арық ақсақ, соқыр малды зекетке беруге болмайды.
Берілетін мал орташа болғаны дұрыс. Бір жасқа толмаған
кілең лақ, қозыға зекет берілмейді. Бірақ бұлар ірілермен
бірге болса, зекеті берілетін малдардың қатарына кіріп,
есепке алынады.
Қой мен ешкі
НИСАП МӨЛШЕРІ
ПАРЫЗ БОЛҒАН
МӨЛШЕР
40-120 аралығында
1 қой
121-200 аралығында
2 қой