Previous Page  373 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 373 / 520 Next Page
Page Background

373

Зекет

үшін дайындаған заттарымыздың зекетін беруімізді

әмір ететін-ді»

395

.

Сауда тауарлары қалай есептеледі?

Бір заттың сауда тауары болып есептелуі үшін баста

сауда жасап, кіріс кіргізу ниетімен иелікте ұстау керек.

Сауда тауарларының нисап мөлшері – 85 грамм

алтын немесе 595 грамм күмістің құны деп есептелуде.

Осы мөлшер жылдың басы мен аяғында толық болып,

ортасында азайса да, зекеті беріледі. Заттарының бағасы

мен қолындағы ақшаның құны – 85 грамм алтын немесе

595 грамм күмістің құнына тең келіп, бір жыл толса,

қырық та бірі – зекет ретінде беріледі. Сауда заттарының

зекетін заттай немесе ақшалай беруіне болады. Сауда

тауарлары жыл соңындағы көтерме бағаға қарай

бағаланады. Жыл басындағы немесе ортасындағы

өзгерістер есепке алынбайды.

Сату үшін бағылған малдар сауда тауарларының

қатарына кіріп, 2,5 % зекеті алынады.

Сауда арқылы жыл бойы табылған кіріс және жалпы

сауда-саттық жолымен келмеген мирас, сыйлық сияқты

кірістер де негізгі капиталға қосылып, жыл соңында

бәрінің есебі бірге есептеледі. Негізгі капиталға бір жыл

толғаннан кейін келген кірістерге бір жыл толмай зекет

алынбайды.

395

Тирмизи, 11/357; Ибн-Һумам. Фатхул-Қадир, 1/526. Египет.

1316-1898.