Previous Page  374 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 374 / 520 Next Page
Page Background

374

Ислам ғылымхалы

Қорытынды

Саудагер жыл соңында қолындағы сауда тауарла-

рын көтерме бағасына қарай ақшаға бағалайды. Бұның

үстіне қолындағы ақшасын, чектерін, акцияларын және

басқалардан алатын қарыздарын қосып, одан өзінің

басқаға беретін қарыздарын шығарып тастап, шыққан

мөлшердің 2,5 % зекет ретінде береді.

Жер қойнауындағы қазба

байлықтардың зекеті

Алтын, күміс, мұнай, газ, сияқты барлық жер қазба

байлықтарынан 20 % зекет алынады.

Бау-бақша және егістік өнімдерінің зекеті

Бау-бақша және егіс өнімдерінде зекет мына екі

жолдың біреуімен алынады. Егер егіс құдық, су тартатын

аппарат сияқты нәрселермен суарылып, дәрі-дәрмек себу

секілді еңбек жұмсалып, өнім алынатын болса, өнімнің

5% ал, егер егіс жаңбыр суы, өзен суы сияқты сулармен

суғарылса өнімнің он да бірі яғни, 10 % зекет ретінде

алынады. Егіс өнімдерінен жылына бірнеше рет өнім

алуға болатындықтан, бір жыл толу шарты мен нисап

мөлшері шарты қосылмайды. Жер жалға алынса да, алған

өнімдерінің зекеті беріледі.

Пітір садақа

Пітір сөзі (араб тілінде) – «жаратылыс» деген

мағынаны білдіргендіктен, кейбір ғұламалар пітір

садақасын «дененің зекеті» деп атаған.