Previous Page  375 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 375 / 520 Next Page
Page Background

375

Зекет

Пітір садақасы – күнделікті қолданылатын негізгі

қажеттерінен тыс, кем дегенде, нисап мөлшеріндегі (85

г. алтын немесе құнына тең) байлыққа ие адамға уәжіп

садақа.

Пітір садақасы һижреттің екінші жылы, Рамазан

оразасы парыз етілген жылы уәжіп етілді.

Пітір садақасы Ораза айт күні таң атысымен уәжіп

болғанымен, бірнеше күн, тіпті бірнеше ай немесе жыл

бұрын беруге де болады. Бұл садақаның Ораза айт на-

мазына дейін берілгені дұрыс. Пайғамбарымыз (с.а.у.)

«Осындай күнде (айт мейрам күні) кедейлерді қайыр

садақа тілеуге мұқтаж етпеңдер», – деген. Бүкіл ел

қуанып, тойлайтын мейрам күнінде пітір садақалары

арқылы қажетті нәрселерін алып, кедейлердің де жұрт

қатарлы жадырауын ойлаған Ислам діні – қандай кере-

мет дін!

Түрлі себептермен аталмыш мерзімнен қанша

кешіктірілсе де, пітір садақасы міндетті түрде берілуі

тиіс.

Пітір садақасын айт күні таң атысымен беру уәжіп

болғандықтан, аталмыш уақыттан бұрын дүниеден өтіп

кеткен адамдар үшін уәжіп емес. Бірақ осы уақыттан

кейін қайтса, артында қалған туыстары қайтқан адамның

малынан өтейді. Сол сияқты таң атпай дүниеге келген

сәбиге пітір садақасы – уәжіп. Ал, таң атқаннан кейін

туылған балаға – уәжіп емес.

Пітір садақасы әрбір нисап мөлшеріне ие азат

мұсылман үшін – уәжіп. Пітір садақасы уәжіп болған

мұсылман нисап мөлшерінде байлығы жоқ әйелі мен

кішкентай балалары үшін де беруге тиіс.