376
Ислам ғылымхалы
Бір адамның пітір садақасы бір мұқтаж адамға
беріледі. Бірақ бір адамның пітір садақасын бірнеше
адамға бөліп беруге болмайды. Бірнеше адамның пітір
садақасын біріктіріп, тек қана бір мұқтаж адамға беруге
болады.
Пітір садақа қалай өтеледі?
Пітір садақалары ең алдымен жергілікті жердің
мұқтаж кедейлеріне берілуі тиіс. Жергілікті жердің
мұқтаж кедейлері бола тұра, басқа жердің кедейлеріне
беру – мәкрүһ.
Пітір садақаның мөлшері
Пітір садақасы мына төрт нәрсенің кез-келген
біреуінің өзінен немесе құнынан беріледі. Кедейлердің
кез-келген қажетіне ыңғайлы болғандықтан құнын беру
– абзал.
1. Бидай немесе бидай ұнының уәжіп болған
мөлшері: 1 кг 459 грамм немесе осы мөлшердің құны.
2. Арпа немесе арпа ұнының уәжіп болған мөлшері:
2кг 918 грамм немесе осы мөлшердің құны.
3. Құрғатылған жүзімнің уәжіп болған мөлшері:
2кг 918 грамм немесе осы мөлшердің құны.
4. Құрғатылған құрманың уәжіп болған мөлшері:
2кг 918 грамм немесе осы мөлшердің құны.
Құрметті оқырман!
Жоғарыда көрсетілген пітір
садақа ретінде берілетін бидай, арпа, мейіз, құрмалардың
құны пайғамбарымыздың (с.а.у.) заманында бір-біріне
өте жақын еді. Ал қазір арпа мен бидайдікі тым арзан
да мейіз бен құрманікі өте қымбат. Бұлардың бағасы