Previous Page  382 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 382 / 520 Next Page
Page Background

382

Ислам ғылымхалы

Қажылық ғибадатының пайдалары мен

хикметтері

Шамасы жеткен әрбір мұсылман баласына қажылық

ғибадаты парыз болғандықтын орындаушысы, ең бірінші,

Аллаһтың сый-сыяпатына кенеліп, күнәларынан арыла-

ды. Өйткені, Аллаһ Тағала өзінің әмірлерін орындаған

құлдарын ақыретте сый-сыяпатқа бөлейтіні туралы

уәде еткен. Қажылық ғибадатын ықыласпен орындаған

құлдардың күнәларының кешірілетіні жайында

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір хадисінде:

{مَنْ حَجّ فَلَمْ يَرْفُثْ وَ لَمْ يَفْسُقْ رَجَعَ مِنْ ذُنُوبِهِ كَيَومٍ وَلَدَتْهُ أُمّهُ}

«Кімде-кім әйелімен жақындаспай (жақындасуға

тартатын барлық іс әрекеттерден аулақ болып)

және күнә істеместен қажылық жасайтын болса,

анасынан жаңа туғандай күнәларынан арылып

қайтады»

397

– делінген. Иә, жүрегіне Хақ сәулесі ұялаған

әрбір мұсылманның асыл арманы Аллаһ Тағаланың

құзырына мына жалған дүниеде пендешілікпен істеп

қойған күнәларынан арылып, анасынан жаңа туған

сәбидей пәк күйде, жарқын жүзбен бару. Сондықтан

да түн ұйқысын төрт бөліп, тәһажжүд оқып, ғапыл

құлдардың шырт ұйқыда жатқан осы бір мезетте Раббы-

сымен оңаша қалып, көз жасымен күнәлі жүрегін жуып,

күнәларына кешірім тілеп жалбарынады. Тәубе етіп,

шыжыған ыстықта нәпіл ораза ұстап, ықыласыма аз да

болса басқаға көрсету, мақтаныш сезімі араласпасын

деген ниетпен тасада ешкімге көрсетпей садақа береді.

Жалпы айтқанда, өміріндегі әрбір мүмкіншілікке, әрбір

397

Бухари, Муслим, Ибну Мажә, Тирмизи, Нәсәәи/ Әбу

Һурайрадан.