384
Ислам ғылымхалы
Төрткүл дүниенің төрт бұрышынан әр тілде сөйлейтін,
әр түсті, мемлекет басшысынан бастап қарапайым
халыққа дейін бай-кедей әр ұлт өкілінің бір жерде бас
түйістіріп, қасиетті Қағбаның алдында ерекше бақытты
күй кешіп, аппақ ихрамға оранып, бір зікірді қайталап
қажылық парызды атқаруы мұсылман жұртшылығының
өзара ынтымағы мен бірлігін күшейтіп, иманын нықтай
түседі. Бұл біздің үлкен күш, үлкен жамағат екенімізді
ұқтырады. Қажылыққа келген мұсылмандардың саны
қанша болса, қажылық барысында біздегі иман да сонша
есе арта түскендей әсер қалдырады.
Осы бір сырды аңғарғандар сәл бір шу шыға
қалса өздерін жақтайтын он-он бес адамның басын
тоқайластырып жіберіп шеру өткізуге даяр тұрады.
Мақсат – сол істі жақтайтындардың аз емес екенін
көрсету, өзара күш-қуаттарын арттыру, сенімдерін бекіту.
Жалған дүние тірлігінің өзін осыншалықты қызғыштай
қорғап жатқанда ақиқат үшін бас біріктіріп бір жағадан
бас, бір жеңнен қол шығарудың қаншалықты маңызды
екендігі өзі-ақ белгілі болғандай.
Егер мұқият көңіл бөлінсе, адамды жан-жақты қолға
алған Ислам діні бес уақыт намаздың өзін жамағатпен
оқуды бұйырады. Одан қала берді аптасына бір рет
мешітке бас сұғып жұма намазын оқуды парыз еткен.
Жыл сайын екі рет айт намазында да мұсылмандардың
басын қосады. Ал қажылықта болса бұл дәстүр өз
шарықтау шегіне жетеді.
3. Ұлтына, нәсіліне қарамастан мұсылмандардың
арасындағы имани байланыстардың артуы, Ислам
бірлігінің күшеюі қажылыққа келу арқылы іске асады.
Өйткені дүниенің шартарабынан келген мұсылмандар