386
Ислам ғылымхалы
бөлдік. Шындығында, Аллаһтың қасында ең
ардақтыларың тақуаларың. Күмәнсіз, Аллаһ толық
білуші, әр нәрседен хабар алушы»
– деп бұйырады.
Яғни сендерді ұлттар мен ұлыстарға, қауымдар мен
тайпаларға бөлуімнің астары бір-бірлеріңді тануда, бір-
біріңнің қоғамдық өмірлеріңмен етене танысуда жатыр,
сол себепті қашанда өзара көмектесесіңдер, әйтпесе
сендерді әр бөлек қауым ретінде жаратуымдағы мақсат
бір-біріңнен суып, бір-біріңе алакөзденіп жауласу емес
деген сөз.
5. Қажылық – мұсылмандар үшін сабыр мен тал-
пынысты үйрететін мектеп. Қажылық мектебі үздіксіз
ғибадат жасату арқылы нәпсінің тізгінін тартып
ауыздығын салады, мұсылман бауырларды бір-бірін
сыйлап, сыпайылық танытуға үйретеді. Қажылық сапары
барысында ешбір қайтарымсыз мал жұмсау, Аллаһ
үшін не нәрсені болса да шығындау парасаты өседі.
Жақсылық пен жамандықтың арасалмағы бағамдалып,
Аллаһтың дұшпаны мен досының ақ-қарасы ажыраты-
лады. Шайтанға тас атқан кезде, Қағбаны тауап еткенде,
Мәдинаға ат басын бұрғанда, қара тасқа сәлем салғанда
осындай терең ой құшағында тербеліп, ішкі жан сарайы-
мыз тазарып сала береді.
6. Қажылық кезінде мұсылмандардың небір ішкі ке-
ремет сезімдері оянып, жүректері үлкен әсерге бөленеді.
Алғашқы мұсылмандардың уахидың таңғажайып
күйіне елітіп, әсемдіктерінен сөз етіскендігі, әр бірі
Құранның түсіндірмесі секілді адамзатқа ұмытылмас
әсер қалдырғаны, осы қасиетті топырақта небір
жанкештілік қимыл-әрекет, дархан мінез, өнегелі өмір