391
Қажылық
көзге ыстық жас үйіріліп, оны сезген жүрек басқа бір
ерекше сезімге булығып, ар-ождан адамдықтың биігіне
қарай серпіліп, бір мезет болсын мына пәни дүниені
ұмытады.
* * *
Қажылық ғибадатының үкімі
Қажылық ғибадаты шамасы жеткен әрбір адамға
өмірінде бір рет парыз.
Қажылықтың парыздығының дәлелдері
(Құран, сүннет, ижмағ)
1. Құран
«Ол жерге баруға шамасы жеткен барлық адамға
Аллаһ үшін Қағбаны зиярат етіп, қажылық жасау
парыз»
401
. «Қажылықты және умраны Аллаһ үшін
тәмамдаңдар»
402
.
2. Сүннет
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген:
«Ислам діні бес негізден тұрады: Аллаһтан басқа
тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммедтің (с.а.у.) Аллаһ
тарапынан жіберілген шынайы елші екендігіне куәлік
келтіру, намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау,
шамасы келсе қажылыққа бару»
403
401
Әли Имран, 3/97.
402
Бақара, 2/196.
403
Тирмизи, Иман, 3; Бухари, Иман,1; Муслим, Иман,21.