395
Қажылық
дар, жанында бірге баратын махрамы жоқ әйелдер, ше-
телге шығудан мемлекет тарапынан тыйылған, баратын
жолында қатерге ұшырауы мүмкін адамдар қажылыққа
өздерінің орнына басқа біреуді көздерінің тірісінде
жіберуіне немесе өзі дүниеден қайтқаннан кейін өкіл
ретінде барып-келулерін талап етулеріне болады.
Қажылыққа кедергі кейбір жағдайлар
1. Әке – шеше
Әке-шеше баласының нәпіл қажылыққа немесе
умраға баруына бөгет жасай алады. Өйткені, Ислам
дінінде әке-шешеге қызмет ету – жиһад. Бірақ парыз
қажылыққа бөгет бола алмайды. Парыз қажылықта әке-
шешеден рұқсат сұрау – сүннет.
2. Ихсар
Дұшпанның бөгет болуына немесе ауру сияқты се-
бептерге байланысты қажылық немесе умра жасау үшін
ихрамға кірген адамның қажылықты немесе умраны
аяқтамастан, ихрамнан шығуға мәжбүр болуы. Бұндай
бөгеттерге мәжбүр боп қалған адамға «мұхсар» делінеді.
Мұхсар аталмыш бөгеттердің ашылуы мүмкін болмаған
жағдайда ихрамнан шығады. Шыққан жағдайда құрбан
шалу міндет.
Қажылық ғибадатының дұрыс орындалу
шарттары
1. Мұсылман болу. Қажылық ғибадатының
парыздығының әрі орындалуының дұрыстығының
шарты.