Previous Page  400 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 400 / 520 Next Page
Page Background

400

Ислам ғылымхалы

3. Әфақ аумағы

Харам және Хил аумақтарының сыртындағы

аумақтар – Әфақ аумағы. Әфақ аумағынан Харам

аумағына немесе Меккеге келетіндердің ихрамсыз

өтулеріне болмайтын бес жерді Пайғамбарымыз (с.а.у.)

миқат ретінде белгілеген.

Бұл бес миқат:

1. Мәдина жағымен баратындар үшін –

«Зулхулайфә», Мәдина қаласына 10 км жақын. Қазір

бұл жер – «Әбәр Али» деп аталады (Қазақстандықтар

көбінесе осы жерден ихрамға кіреді).

2. Мысыр және Сирия тарапынан баратындар үшін

– «Жухфа», Меккеден 187 км ұзақ.

3. Нәжд және Кувуейт тарапымен баратындар үшін

– «Қарнул-Маназил», Меккеден 96 км ұзақ.

4. Йемен жағымен баратындар үшін – «Иаламлам»,

Меккеден 54 км ұзақ.

5. Ирак жағымен баратындар үшін – «Зәтул-ғирқ»,

Меккеден 94 км ұзақ.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің хадистерінде осы

жерлерді миқат ретінде тағайындаған

411

. Міне, сондықтан

қажылыққа немесе умраға баратын адам бұл жерлердің

қайсысынан өтсе, сол жерден ихрамсыз өтуге болмайды.

Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Ешкім миқаттан их-

рамсыз өтпесін»

, – деп бұйырған. Бұл жерлерге жетпес

бұрын ихрамға кіріп алуға да болады.

Сырттан қажылық және умра үшін келгендер

миқаттан ихрамсыз өтіп кеткен жағдайда, құрбан шалады

немесе кері қайтып, миқатта ихрамға кіреді.

411

Бухари, 1/206.