406
Ислам ғылымхалы
жасау, тілек тілеу. Өйткені Пайғамбарымыз
(с.а.у.):
«Дұғалардың ең қайырлысы – Арафа күні
жасалған дұға»
415
, – деп бұйырған.
Күні бойы тәлбия, тәкбір, зікір, тәсбих, салауат
•
айтып, күнәларына кешірім тілеу
Арафаттағы жолдарда уақфа жасамау
•
Күн батқаннан кейін Арафаттан баяу жүріспен
•
түсу
Бесін намазы мен намаздыгер намазы бір
уақытта қосылып, қалай оқылады?
Арафа күні бесін азаны оқылғаннан кейін бесін
намазының алғашқы төрт рәкат сүннеті оқылады, сосын
қамат түсіріліп, бесін намазының парызы оқылады.
Сосын қайтадан қамат түсіріліп, намаздыгер намазының
парызы оқылады. Уақфа болғандықтан, бесін намазының
соңғы сүннетін оқу – мәкрүһ. Әр екі намаздың парызда-
рынан кейін ташриқ тәкбірі айтылады. Осылайша бесін
мен намаздыгер намаздары бір азан, екі қаматпен бесін
уақытында қосылып оқылады.
Зиярат тауабы
(қажылықтың үш парызының біреуі)
Тауап дегеніміз не?
Тауап – араб тілінде зиярат ету, бір нәрсені айналу
сияқты мағыналарды білдіреді. Ал шариғаттағы
терминдік мағынасы – Қасиетті Қағбаны жеті рет ғибадат
ниетімен айналу. Тауап Аллаһ Тағаланың аршының
айналасында тауап ететін періштелер тәріздес Аллаһ
415
Жамиғу-сағир, 3/471.