410
Ислам ғылымхалы
«Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін Қағбаныжеті рет
айналу арқылы умра тауабынжасауды ниет еттім. Оны
маған жеңілдетжәне менен қабыл ал»
. Қажылық тауабы
үшін «
тауафа ‘умрати
» деудің орнына «
тауафал-хаж
»
делінеді. Ниетті арабша айту шарт емес.
2. Тауапты ХарамМешітінің ішінде жасау.
Адам
тығыз болмаса да Мәсжидул-Харамның ішінде Қағба
мен өзінің арасында дуал болмау шартымен Қағбадан
алыстау жерде тауап жасауға болады. Бірақ Мәсжидул-
Харам мешітінің сыртынан жасауға болмайды.
3. Жеті айналымның кем дегенде төртеуін
жасау.
Қалған үшеуін жасау уәжіп болғандықтан, жа-
салмай қалған жағдайда да тауабы дұрыс деп есептеледі.
Бірақ жасалмаған әр айналым үшін арнайы жазасы бар.
Бұл парыз және уәжіп тауаптарға ғана байланысты. Ал
сүннет және нәпіл тауаптарда қанша аз жасалса да жаза
керек емес.
4. Парыз және уәжіп тауаптардың әрқайсысын
арнайы белгіленген уақытында жасау.
Тауап уәжіптері
1. Тауап еткен уақытта әрқашан дәретті болу. Дәрет
бұзылған жағдайда, тауап тоқтатылып, дәрет алынады.
Сосын қалған айналымдар толықтырылып, тәмамдалады.
Жүніп, хайыз және нифас күйінде тауап жасауға бол-
майды.