Previous Page  413 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 413 / 520 Next Page
Page Background

413

Қажылық

оқимын деп адамдарды жаншып, таптауға қатаң тыйым

салынады.

Тауап сүннеттері

Тауаптың сүннеттерін орындау – сауап, бірақ

орындалмаған жағдайда да тауап дұрыс болып

есептелінеді.

1. Денеде немесе киімде намазға бөгет жасайтын

нәжістің болмауы

2. Тауапқа бастаған уақытта және әр айналымның

соңында Хажарул-Әсуәдді (қара тасты) сүю немесе сәлем

беру.

Кейбір адамдар қара тас сүйілмей қалған жағдайда

немесе қолмен ұстамаған жағдайда, қажылық ғибадаты

қабыл болмай қалады деген қате түсінікпен, адамдарды

итермелеп, жаншып-таптап, тіпті ренжітіп, жанжалда-

сып, сүюге тырысып жатады. Әрине, бұл іс-әрекеттер

дінді дұрыс білмегендіктен. Әйтпесе қасиетті қара

тасты сүю – сүннет, ал, адамдардың мазасын алмау,

ренжітпеу – парыз. Істелмей қалған жағдайда күнә

болмайтын сүннет амалын істеу үшін парызды тастап,

күнәға батуға болмайды. Өйткені парызды істемеген

уақыттағы күнә сүннеттің сауабынан басым. Олай болса,

адамдардың тығыз, көптігіне байланысты қасиетті қара

тасқа бара алмағандар алыстан бұрылып, сәлем береді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) кейде қасиетті қара тастың

қарсысына келіп, қолындағы таяғымен сәлем бергендігі

риуаят етілген.

1. Зиярат тауабын жасаған уақытта дененің үстіңгі

жағындағы «рида» деп аталатын жапқыштың бір ұшын

оң қолтықтың астынан өткізіп, сол иыққа тастап, оң