Previous Page  415 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 415 / 520 Next Page
Page Background

415

Қажылық

Ханафи мәзһабында үзір саналатын

себептер

Ауру, қатты кәрі болу, қатты әлсіз болу, талып

қалу, әйелердің хайыз болуы сияқты самауи

422

себеп-

тер. Мысалға, Арафатта уақфа жасап жатқанда талып,

құрбан айттан кейін оянған адамға, қажылықтың

уәжіптерінен саналатын Муздәлифә уақфасын, шайтанға

тас лақтыруды тәрк еткені үшін және шаш алғызуды

немесе қысқартуды кешіктіргені үшін жаза өтеу қажет

емес. Қажылығы дұрыс атқарылды деп есептеледі.

Бірақ себептер адамдардың қалауымен болса, мысалға,

бір қылмыс істеп, түрмеде тұтылса, орындай алмаған

уәжіптері үшін жаза өтеу керек.

Муздәлифәда уақфа жасау

(қажылықтың бірінші уәжібі)

Муздәлифә – Арафат пен Минаның ортасында

орналасқан жердің аты. Қажылықта Арафа күнінің

құрбан айтқа қараған түнін толық Муздәлифәда өткізу

– сүннет, уақфа (бір мезет ғибадат ниетімен тұру) жасау

– уәжіп. Муздәлифәның «мұхассар» деген жерінен басқа

барлық жерінде уақфа жасауға болады.

Уақфаның дұрыс орындалуының

шарттары

1. Қажылық жасау ниетімен ихрамды болу

2. Арафат уақфасын жасаған болу

3. УақфаныМуздәлифә аумағында жасау. «Ма’шар-

Харам» жақта жасау – сүннет.

422

Адамның қалауынсыз, еркінен тыс себептер.