419
Қажылық
лақтыруға болмайды. Ал Әбу Ханифаның айтуынша,
таңның атуымен басталып, күн батқанға дейінгі уақыт.
Таң атқаннан күн шыққанға дейін – мәкрүһ, ал, күн
шыққаннан түске дейін лақтыру – жәйіз
423
, түс ауғаннан
кейін күн батқанға дейін лақтыру – сүннет.
Төртінші күні тас лақтыру уақыты күн батқаннан
кейін бітеді. Лақтырылмай қалған әр күннің тасын сол
күні күн батқанға дейін лақтыру – уәжіп.
Лақтырылатын тастарды Муздәлифәдан немесе
Мұхассир жолынан немесе нәжіс (лас) болмаған кез
келген жерден жинауға болады. Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) бұйрығы бойынша, Ибну Аббас тастарды
Муздәлифәдан жинаған.
Шайтанға тас лақтырудың дұрыс орындалу
шарттары
1. Тастарды өз қолымен лақтыру. Тастарды
құралмен атуға немесе лақтырмай қолдан-қолға беріп,
шайтан тастардың үстіне қоюға болмайды.
2. Ханафимәзһабында лақтырылатыннәрселердің тас
немесе құрғаған балшық сияқты топырақ түрінен болуы.
Шафиғи мәзһабында тек қана тас лақтырылады.
3. Жеті тас бөлек-бөлек лақтырылуы тиіс. Барлығы
бірге лақтырылса, бір тас болып есептеледі.
4. Тастарды тігілген шайтан тасқа тигізу немесе
айналасындағы белгіленген орынға түсіру.
5. Лақтырылған тастар белгіленген орынға
лақтырушының іс-әрекетімен жетуі. Мысалға, тас
лақтырылған уақытта біреудің денесіне тиіп, сосын ол
423
Рұқсат.